jasqazaq.kz

Бизнесмен Тоқмәдидің үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылды — Бас прокуратура

20 шiлде 2017, 11:24

ҚР Бас прокуратурасы азаматтардың арызы мен өтініштері бойынша бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобының ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деген күдік келіп отырған Тоқмәдиге қатысты соталды тергеу жүргізіп жатқаны белгілі. Күдіктінің үйін тінту кезінде қаржы құжаттары, айтарлықтай көлемде криминалдық қару, оқ-дәрі, жалған құжат және өзге де заттай айғақтар табылды. Азаматтардың арызы мен өтініші бойынша қосымша тергеу жүріп жатыр, Тоқмәдидің қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтары тексеріліп жатыр», — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері. Осыған дейін соттағылар Мұратхан Тоқмәдидің екі айға қамауға алынғанын хабарлаған еді. Еске салайық, белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің арнайы жасағы үйінен тұтқындап әкеткен болатын. 50 жастағы бизнесмен «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топқа жетекшілік еткен делінеді.

Tengrinews.kz

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі