jasqazaq.kz

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің әйелі күйеуінің 3 жылға сотталып кеткенін айтты

12 қазан 2017, 11:26

Белгілі кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің әйелі Айымбетова-Тоқмәди жабық сот отырысында кәсіпкерге жаза тағайындалғанын айтты.

«Бүгін туған күнімді алғаш рет достарым мен жақындарымның ортасында тойлап жатқаным жоқ. Қазір Еуропа кеңесінің парламент ассамблеясындамын. Кеше «Ашық диалог» қорының арқасында Мұратханның босатылуына қатысты европалық депутаттар арасында рекордтты түрде қол жинадық. Кеше жабық сот отырысында күйеуімді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Және жасамаған қылмысы үшін 700 мың доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Мен бостандық үшін, өмір үшін, күйеуімнің адал аты үшін күресе берем. Қолдау білдіргендеріңізге рахмет!», – деп жазады Айымбетова.

Еске салсақ, күштік құрылым өкілдері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.

Жәмила Айымбетова бұған дейін де ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.

Stan.kz 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде