jasqazaq.kz

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиге қандай айыптар тағылатыны белгілі болды

15 маусым 2017, 11:20

Сот өкілдері белгілі қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәди қандай күдікке ілінгені туралы айтып берді.

Бизнесменнің бопсалауға күдікті екені расталып отыр. «Қуадалау органы Мұрат Тоқмәди 2005 жылы анықталмаған тұлғалармен қылмыстық келісімге келіп, «Семрюжком» және «ҚазШыныҚұрылымс» ЖШС-ларының тең құрылтайшысын күш қолдану және қорқыту арқылы аталған кәсіпорындардың негізгі қорын иемденген. Тергеу мәліметі бойынша, Тоқмәди бұл әрекетімен аса ірі көлемде 185 миллион 137 мың 246 теңге материалдық шығын келтірген», — деп жауап берді Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Дияс Махамбетов Tengrinews.kz сұрағына. Сот мәліметі бойынша, Тоқмәди 12 маусым сағат 19:50-де ұсталды. «Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Мұратхан Тоқмәдиді екі ай қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасын таңдады», — дейді Дияс Махамбетов.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда арнайы қызмет «Депутаттық корпус» атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты «ҚазШыныҚұрылыс» зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу