jasqazaq.kz

Біздің әлем қорқынышты межеге жетті

29 қыркүйек 2020, 11:36

Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде коронавирустан қайтыс болғандар саны 1 миллионнан асты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш бұл көрсеткіштің өте жоғары екенін атап өтті.

«Біздің әлем қорқынышты межеге жетті: COVID-19 пандемиясы миллион адамның өмірін қиды. Бұл жағаұстатар көрсеткіш», — деді бас хатшы.

Оның айтуынша, вирустың таралуы әлемге орны толмас зардап әкелген.

«Біз бұл қиындықты еңсере аламыз. Қатеден сабақ алуымыз керек. Басқару кезінде жауапкершілік болуы шарт. Ғылым мен ынтымақтастық та маңызды», — деді Гутерреш.

Сонымен қатар, ол коронавирусқа қатысты тараған жалған ақпарат та адамдарды өлтіретінін атап өтті. Оның пікірінше, адамдар вакцина алғанға дейін арақашықтықты сақтап, маска тағып, қол жуып жүруі керек.

Сондай-ақ, ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан әлемдегі коронавирустан қайтыс болғандар саны ресми деректен төмен болуы мүмкін екенін айтады.

«Сіздерді сабырға шақырғым келеді. Елдер жазатайым оқиғалар немесе басқа ауруларды COVID-19-ға жатқызбайтын шығар. Есептер нақты болмауы мүмкін. Әрине бұл сандар барлық жағдайды (коронавирустан адам өлімін — ескерту) қамтымайды деп болжам жасауға болады», — дейді Райан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде