Бәріне ортақ журналистика
Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы

Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр.
Журналистика мамандығына қызығушы талапты жас, курсқа қатысушы Назерке Исатайдың шағын ақпаратын жариялап отырмыз.

Ғаламтордан оқып қалдым, Индонезияда пластикалық қалдыөқтарды жинастырып, ашық алаңқайда мұражай салыныпты. Бұл елдің экологтоар осындай қадам арқылы да қоршаған ортаны ластаудың алдын алмақ. Индонезиялықтар үш айдың ішінде бөтелке басқа да пластикалық қалдықтарды жағажайлардан, көпшілік орындардан жинастырып, туристер келіп көретін мұражайға айналдырып отыр. Қоршаған ортаны, өзен, көлдерді қоқыстан тазарту арқылы суды ластамаудың мүмкіндіктерін қарастырған индонезиялықтарға қызығасың. Әлемде теңіз суларына қоқыс тастап ластаудан әлемде алдыңғы орында. Көптеген елдер пластикалық қоқыстарын теңізге, мұхитқа тастайды. Экологтар мұхиттардың астында үлкен қоқыс аралдары барын айтып дабыл да қақты. Селт етер ешкім жоқ.

Өкініштісі біздің елімізде де қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, кәдеге жарату ең өзекті мәселе. Қоғамда да қоқыс тастайтын орын болса да кейбіреулер тұтынған затын тұрған жеріне тастапк ете береді. Пластикалық қалдықтарды жинастырып бізге де бір мұражай ма, болмаса басқа да қажеттілікке жаратса деймін. Қоғамдық орындарда, көпшілік баратын жерлерде де қоқыс қалдықтары шашылып жатады.
Менің бір танысым әйнек яғни шыны бөтелкелерден моншасының қабырғасын қалап кәдеге асырды.
Назерке Исатай, ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан,
Алматы қаласы.