jasqazaq.kz

Биылдан бастап қазақстандық ғалымдар шетелде тағылымдамадан өтеді

15 сәуiр 2021, 16:57

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 500 қазақстандық ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді. Озық ғылыми технологияларды трансферттеу мақсатында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында 500 ғалымның әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында жыл сайын тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді тапсырғаны белгілі. Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы бүгінде түрлі сала мамандарына өздерінің кәсіби білімдерін жаңартуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді оқытудың немесе тағылымдаманың маңыздылығы артып келе жатқанын атап өтті. Бұған «Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлер арасындағы үлкен конкурс дәлел. Осыған байланысты халықаралық бағдарлама шеңберінде ғалымдар үшін тағылымдамалардың арнайы санаты бекітілді. Отырыс барысында комиссия мынадай санаттар бойынша тағылымдамаларды бекітті: ғалымдар, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер, педагогтар, мемлекеттік қызметшілер, инженерлік-техникалық қызметкерлер. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, тағылымдама санаттарының тізімін қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардан келіп түскен өтінімдер негізінде нарықтың нақты қажеттілігіне талдау жүргізілген. Жалғасып жатқан пандемия жағдайындағы жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, ғылыми, медициналық және инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамаларына басымдық беріледі. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың тетіктерін одан әрі жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия