jasqazaq.kz

Биылдан бастап дипломдар электронды форматқа көшеді

10 маусым 2020, 13:07

Биылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерге дипломды электронды форматта беретін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды.

«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет», — дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 1992 жылдан бергі 2,5 миллион диплом мәліметтер базасына енгізілген. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнын 1992 жылға дейін бітіргендердің тарихи мәліметтері жиналып жатыр.

«Биыл біз барлық дипломды цифрландырдық. Білім және ғылым министрлігі сайтынан базаға енгізілген дипломды онлайн режимде тексеруге болады. Жұмыс берушінің де, жұмысқа тұратын азаматтың да уақыты мен ақшасы үнемделеді. Енді дипломның заңды екенін растау үшін нотариусқа барып, ақша төлеудің қажеті жоқ. Жыл соңына дейін бұл жұмысты толық аяқтаймыз», — дейді ол.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық