jasqazaq.kz

Биыл суға шомылу маусымында 300 адам көз жұмды

24 қыркүйек 2018, 16:32

Биыл суға шомылу маусымында 90 бала көз жұмды. Ең сорақасы, қаза тапқандардың жалпы саны 300 адамға жетіп отыр. Бұл тізімде Алматы облысы көш бастап тұр.

Онда маусым басталғаннан бері 51 адам қаза болды. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, адамдар көбіне өз күшін толық бағаламай ажал құшады екен. Балық аулау кезінде қарапайым ережелерді сақтамағандықтан да қайғылы жағдайға душар болады. Ал бүлдіршіндер көбінесе қараусыз қалғандықтан көз жұмады екен. Юрий Ильин, ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары: — 5 жасқа толмаған балалар көбіне ата-ана қарауынсыз қалып, суға кетіп жатады. Тіпті, жер үйлердің жанындағы арықтар мен қалдық су жиналатын орындарға құлап кетіп, қаза тауып жатыр. Біз бірлесіп осындай жайттардың алдын алуымыз керек. Ал өрт салдарынан былтыр қаза тапқандардың саны 187-ге жеткен. Тағы 300 адам жарақат алған. 80-ге жуық адам улы газдан тұншыққан. Сондықтан мамандар биылғы жылу маусымында сақ болуды ескертеді.

24.kz

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді