jasqazaq.kz

Биыл Шымкенттің газбен қамтылуы 94,7 пайызға жетеді

17 мамыр 2022, 16:56

Жыл басында шымкенттік тұрғындар көгілдір отын мәселесін көтеріп, әкімдікке жүгінген еді. Қыстың суығында отын түсірмей, газға қосыламыз деп сендік деген тұрғындар мәслихат депутаттары мен әкімнен әлденеше рет көмек те сұраған. Тиісті басқарма жедел іске кірісіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, жұмыс қарқынын да арттырды. Нәтижесінде талай тұрғынның толғақты мәселесіне айналған көгілдір отын кезең-кезеңімен, жоспардан бұрын аяқталып жатыр.

Бүгінде Шымкент қаласы тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Яғни, табиғи газбен шаһардағы 81 елді мекеннің 42-сі толық, ал 31 елді мекен жартылай қамтылған. Қалған қамтылмаған елді мекендерге газ тарту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 1 магистралдық және 10 елді мекенде ішкі орамдық газ құбырының құрылысы жүргізілуде.

Жыл соңында Тұран магистралды газ құбырының құрылысы мен Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Сауле, Көкбұлақ, барлығы 8 елді мекенде құрылыс жұмыстар аяқталады. Нәтижесінде, қаладағы 20 мыңға жуық адам табиғи газға қосылады.

Жуырда еліміздегі ең ірі газ тарату станцияларының бірі –АГРС-3 станциясы іске қосылған болатын. Оның қуаттылығы сағатына 250 мың текше метрді құрайды.

Аталған станция арқылы қала тұрғындары толық газбен қамтылып, бұл бағытта жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Бүгінде 2021 жылы құрылысы аяқталған Бадам-195 орам, Достық, Азат, Асар-2 және Тассай шағынауданына газ беру үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 93 пайызы көгілдір отынмен қамтылса, жыл соңына дейін көрсеткішті 94,7 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының дерегінше, 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы көзделіп отыр.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр