jasqazaq.kz

Биыл қазақстандықтар қажылыққа бара ала ма?

23 маусым 2020, 18:00

Әлемді шарпыған коронавирус кеселіне байланысты биыл қажылыққа келушілер көлемі айтарлықтай шектеледі. Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Бұл туралы Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігіне іслтеме жасай отырып, ҚМДБ хабарлады.

Коронавирус індеті әлемнің 180-нен астам еліне таралып, COVID-19 вирусынан ажал құшқандар саны 1 миллионға жетті. Одан бөлек 7 миллион адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыған орай Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі пандемиядан туындаған қауіп-қатердің алдын алу және оның таралуына жол бермеу, сондай-ақ жаһандық денсаулық сақтау ұйымдарының талаптарын ескере отырып биылғы қажылық рәсіміне бірқатар шектеу қойды.

«Сауд Арабиясы Корольдігінің басты міндеті – мұсылман қажыларға қажылық және ұмра рәсімдерін қауіпсіз орындауға әрқашан мүмкіндік жасау. Пандемия басталғалы бері қажыларды қорғау үшін барлық сақтық шаралары қабылданып, қасиетті орындарға сырттан келушілер шектелді. Қасиетті жерлерде жүрген қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Ислам елдері мен және халықаралық ұйымдардың талаптарын ескере отырып, шектеулерді әрі қарай күшейте түстік. Себебі бізге салдары өлімге әкелетін қауіпті індеттің алдын алу маңызды. Коронавирус инфекциясы адамдар көбірек жиналатын орындарда, үлкен жиындарда таралатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан да биылғы 1441 жылдың (2020 жыл) қажылық рәсімі Сауд Арабиясында тұрып жатқан өте аз көлемдегі адамдардың қатысуымен ғана өтетіні жайлы шешім қабылданды. Бұл шешім қауіпті вирустың алдын алу және қажылардың денсаулығын сақтау мақсатында жасалып отыр» делінген Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрлігі мәлімдемесінде.

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді