jasqazaq.kz

Биыл қандай жолдар ақылы болады?

23 сәуiр 2020, 17:28

Биыл 5,7 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты.

«Бүгінгі таңда республикада ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі бар. Олар: «Нұр-Сұлтан – Шучье», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Теміртау – Қорғас», «Алматы – Қапшағай» жолдары. 2020 жылдың 20 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, ақылы жолдардан жиналған қаражат көлемі 1 103,6 млн теңгені құрайды«, — деді ол.

Комитет басшысының айтуынша, жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 2019 жылы инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша «Computer Vision Technologies» ЖШС басқаратын консорциуммен келісімшарт жасалған. Аталған құжатқа сәйкес, консорциум 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау міндетін алады. Жоба құны 138, 8 млрд теңгені құрайды.

«Келісім аясында осы жылы реконструкциядан өткен ұзындығы 5,7 мың шақырымды құрайтын жолдарда төлем алу жүйесі енгізіледі деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өткізілу мерзіміне орай 2024 жылға дейін ақылы болады. Бүгінгі таңда инвестор жол учаскелерін зерттеп, бақылау аркаларын орнату орындарын белгіледі. Сондай-ақ, жобалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Сайранбек Бармақов.

Ал «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліповтің дерегінше, биыл Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Қапшағай – Талдықорған, Орал – РФ шекарасы, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы сынды жолдарда төлем алу жүйесін енгізіледі.

ҚазАқпарат

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі