jasqazaq.kz

Биыл бизнесті тексеруге мораторийдің 30 рет бұзылғаны тіркелді

15 маусым 2021, 15:47

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өзінің қадағалау қызметі шеңберінде осындай тексерулердің есебін ғана жүргізіп қоймай, оларды тағайындаудың заңдылығын да тексереді.

Талдау көрсеткендей, мораторий және қолданыстағы карантиндік шектеулер 2020 жылы бизнеске қатысты тексерулер санының 5 есе төмендеуіне ықпал етті. Егер 2019 жылы кәсіпкерлер 128 мың рет тексерістен өтсе, 2020 жылы тексерістер саны 27 мыңнан асты, ағымдағы жылдың 5 айында 5 мыңды құрады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий аясында Комитет қызметкерлері 30-ға жуық заңсыз тексерулердің жолын кесті.

Тексерулерді есепке алу мен тіркеудің барлық процесі «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» (ТСОБТ) ақпараттық жүйесінде цифрландырылғанын атап өткен жөн. Осы жүйе ең алдымен, бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау үшін құрылған, ол мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

ТСОБТ шеңберінде «Qamqor» мобильді қосымшасы әзірленді, ол арқылы кәсіпкерлер алдағы тексерулер туралы хабарламаларды алады, онлайн режимінде шағым бере алады. Қазіргі таңда қосымшаны 110 мыңнан астам кәсіпкер қолданады.

Егер кәсіпкерлер тексеруші органдардың қызметкерлері тарапынан заңсыз іс — әрекеттерге тап болса, Бас прокуратураның call-орталығының 115 — бірыңғай нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз. Сондай-ақ аталған сұрақтар бойынша Комитетке және оның аумақтық органдарына жүгінуге болады.

Сонымен бірге, кез келген кәсіпкер www.qamqor.gov.kz ақпараттық сервисінде тиісті жолға акт нөмірін енгізу арқылы тексерудің заңдылығын көре алады. Сол жерде органның атауы, тексеру кезеңі, тексеруші тұлға туралы деректерді алу арқылы тексерудің тіркелгеніне көз жеткізуге болады. Егер ондай ақпарат болмаса, онда тексеру прокуратура органдарында тіркелмеген және ол заңсыз болып табылады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия