jasqazaq.kz

Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы бола ма?

02 наурыз 2022, 11:45

Биыл жеңілдікпен несиелендіру бойынша «Алматы жастары» бағдарламасы болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Ведомство мәліметінше, «Алматы жастары» қалалық жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы бойынша 2022 жылғы қабылдаудың басталуы, өтініштер мен құжаттарды қабылдау сайты, бағдарламаның ағымдағы жылғы шарттары мен талаптары бойынша ақпаратты Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан бақылау қажет.

«Бағдарлама аясында 1000 (мың) жас отбасын пәтермен қамту жоспарланған. Бұл бағытта әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Алматы жастары» — жастарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы. Оның ерекшелігі төмен пайыздық мөлшерлемесінде. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қарай жеке есептеледі және үш жылдан 25 жылға дейін созылуы мүмкін.

2020 жылы үй алуға берілетін қарыз 13 миллион теңге еді. Былтыр несие 18 миллионға артты. Егер өтініміңіз қабылданса, оның 10 пайызын, яғни 1,8 миллион теңгені бастапқы жарна ретінде төлеп, 18 миллионға баспана іздей беруіңізге болады.

Негізгі талаптар:

— Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс өтілі;
— Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
— 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде