jasqazaq.kz

Биыл Алматы әуежайы арқылы 528 млн теңге заңсыз алып өтпек болған

17 маусым 2022, 9:49

Жыл басынан бері Алматы қаласының кеденшілері жеке тұлғалардың 528 млн теңгені заңсыз алып өтудің жолын кесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері осы кезеңде ӘҚБтК-нің 551, 545-баптары бойынша 103 әкімшілік материал толтырған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар 13 факт анықтаған.

«Анықталған немесе декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражатының сомасы 528 млн теңгеден асты, осы бұзушылықтар бойынша салынған айыппұл сомасы — 3,2 млн теңге. Мәселен, қаңтарда Алматы-Абу-Даби бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында Қазақстан азаматы тексерілді, онда 57 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша болған. Сол сияқты, ақпанда Алматы-Ыстамбұл әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізу 97 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған қолма-қол қаражат табылды. Материалдар экономикалық тергеу департаментіне берілді. Күдіктілерге Қылмыстық кодекстің 234-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп жазды ведомстводан.

Департамент өкілдері мамырда Сеул-Алматы бағытындағы әуе рейсінің кедендік бақылауынан өткеннен кейін ұшып шығу залында 12 000 АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақшасы бар тұрғынның ұсталғанын да мәлімдеді. Маусымның басында ұшып келу залында Дубай-Алматы әуе рейсінен түскен азаматты тексеру барысында 23 200 АҚШ доллары анықталған. Азаматша әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілігкке тартылды.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр