jasqazaq.kz

Биыл 505 елдімекен топан судың астында қалуы мүмкін

12 ақпан 2019, 21:32

 Әсіресе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақмола, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауылдарға қауіп төніп тұр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ішкі Істер министрлігінің мәліметінше, 15 мың құтқарушы мен 2 мыңнан астам техника сақадай сай. Артық жанармай қоры, бөгеттерге қоятын қап, өзге де материалдар дайындалып жатыр. Бірақ кейбір аймақтар дұрыс қамданбаған. Мәселен, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар мен Ақтөбе облыстарында қаржы жетпей айналма канал, су өткізетін дамбалардың құрылысы әлі аяқталмаған. Ал Түркістан облысында төрт өзеннің жағасы тазартылмапты. Осының бәрі су тасқыны кезінде қиындық туғызады. Сондықтан премьер-министр қамсыз отырған әкім-қаралардың басымен жауап беретінін қатал ескертті. Негізі, Үкіметтің 2020 жылға дейінгі тасқынның алдын алуға арналған жол картасы бар. Оған сай, 174 дамба, 119 гидротехникалық қорғандар, 64 көпір салу жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде