jasqazaq.kz

Биыл 444 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

05 шiлде 2022, 15:42

Шымкент қалалық білім басқармасы «Алтын белгі» иегерлері мейлінше көп шыққан білім ұйымдарының тізімін жариялады.

Көш басында 46 «Алтын белгі» иегерімен High School мектебі тұр. Ал, 22 оқушымен үш тілде оқытатын №2 мамандандырылған мектеп- интернаты екінші орыннан көрінсе, 21 үздікті оқытқан №1 Білім-инновация ер балалар лицей-интернаты үштікті қорытындылап тұр.

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейінен – 15, С.Нұрмағанбетов атындағы №72 жалпы орта мектебінен – 14, М. Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназиясынан – 13, Дарынды балаларға арналған №90 мамандандырылған дарын мектебінен – 12, А.Байтұрсынұлы атындағы №50 мектеп-гимназиясынан – 12, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясынан – 10 түлек «Алтын белгіні» ақтап шыққан.

Ал, үздік ондықта бірдей нәтиже көрсеткен 5 білім ұйымы — Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы( , З.Космедеянская атындағы №23 мектеп-лицейі, Ю.Сареми атындағы № 107 мектеп-лицейі , №89 IT мектеп-лицейі. Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта мектебі қорытындылап отыр.

Биыл республика бойынша мектепті 170 мыңнан астам оқушы бітіреді. Жалпы еліміз бойынша 3,5 млн оқушы бар. Ал Шымкентте 11 сыныпта биыл 11 189 оқушы білім алды. Түлектер санатына 9 сыныптан соң кәсіптік білім беру ордаларына кететін оқушыларды да жатқызатын болсақ, биыл 9 сыныпты Шымкентте 19 251 бала бітіргелі отыр.
Оның ішінде 444 түлек «Алтын белгі», 571 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал, 20 оқушы шетелдік жоғары оқу орындарына түсуіне байланысты ҰБТ тапсырудан бас тартқан.

Биыл ҰБТ Шымкент қаласындағы 3 «U-Study» аймақтық тестілеу орталығында өтті. Сала мамандары барлық тестілеу өткізу орталықтары қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілгенін, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, психолог және медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілгенін айтады.

Тоқтар Жақаш

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық