jasqazaq.kz

Биыл 13 мың қандасымыз елге оралды

05 желтоқсан 2019, 13:15

Биыл 13 мың қандасымыз тарихи Отанына оралды. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

«Көші-қон процестерінің тек әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен бірге елдің қауіпсіздігіне тікелей әсерін және көпқырлығын ескере отырып, заңсыз миграцияны бақылап, арналарына тосқауыл қоюды, оларды анықтап, жолын кесуді қамтамасыз ету қажет. Бүгінгі күні орын алып отырған көші-қон ағынына қатысты айтар болсақ, Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріміздің деректеріне сәйкес, осы жылдың 10 айында ғана елімізге 5,6 млн адам кіріп, әлемнің 200-ге жуық елінен келген 5,3 млн шетелдік шықты», — деді министр «Қазақстандағы көші-қон: Проблемлаар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта республикада шетелден жұмыс күшін тарту саясаты жүзеге асырылып жатыр. Еліміздегі 2 200-ден астам кәсіпорында 21 мыңнан астам шетелдік азамат ресми рұқсат алып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жеке тұлғалардың да шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері 362 мың шетелдік азаматқа еңбек патенті берілді. «Қазақстан этникалық қазақтардың тарихи Отанына оралуына жағдай жасау саясатын жүргізіп келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралды. Осы жылдың ішінде ғана 13 мың қандасымыз елімізге қоныс аударды», — деді Біржан Нұрымбетов.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда