jasqazaq.kz

Биткоин криптовалютасын қолдану харам ба?

23 ақпан 2022, 17:28

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің шешімін негізге ала отырып, шариғатта биткоин криптовалютасын қолдануға тыйым салынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚМДБ өкілі Хасан Аманқұл:

Шариғат бойынша қандай да бір ақша негізге алынуы үшін мемлекет тарапынан шығарылуы керек және оның кепілдігі мен қорғауында болуы шарт.⠀

Оның жазуынша, биткоин ешбір ұлттық валютаның сипатына келмейді. Өйткені ол – мемлекеттік органдардың кепілдігімен әрі қаржылық заңдармен қорғалмаған, нақты активі жоқ, орталықтандырылмаған виртуалды ақша. Кез келген сәтте оның нарығы күрт өсіп немесе түсіп, одан адамдар зиян шегуі мүмкін.

Биткоинның процесстері көбіне жасырын жүзеге асады. Бұл өз кезегінде шариғат тыйым салған алдауға, алаяқтыққа соқтырады.

Хасан Аманқұл:

Биткоин валюта немесе тауар ретінде жауапты тараптардың бақылауынан тыс қалады. Бұл елдің ішкі экономикасына кері әсер етіп, қоғамның тұрақсыздануына жол ашуы мүмкін.

Оның айтуынша, Мысыр елінің пәтуа комитеті, Еуразия мұсылмандарының пәтуа шығару кеңесі сияқты ірі ұйымдар биткоин криптовалютасын пайдалануға тыйым салған.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды