jasqazaq.kz

Бітіру кешін дүркіретіп өткізген «Айқанат» білім беру мекемесіне айыппұл салынды

16 маусым 2021, 15:26

Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Айқанат» білім беру мекемесінде шектеу талаптарының бұзылғандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылғы маусымның 14-де Щучье қаласының «Айқанат» білім беру мекемесінде көпшіліктің жиналуымен мектеп бітіру кеші салтанатты шарасы өтті. «Шара коронавирус инфекциясының таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұза отырып өткізілді. Осы жағдайға байланысты Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Бурабай ауданының полиция бөлімінің рапорты негізінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 802 бабы 2-ші бөлігі 1-ші бөлімшесі бойынша «Айқанат» білім беру мекемесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі 425 бабының 1-ші бөлігі бойынша 230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (670910 теңге) әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтырылды», — деді ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия