jasqazaq.kz

Бит баланы өлтірді

31 қазан 2018, 14:05

Алматы облысында әйел адам 2 жастағы қызының шашындағы битті кетіремін деп баласынан айырылып қалды. Жантүршігерлік жағдай Талғар ауданындағы Туғанбай ауылында болған.

Белгілі болғандай, анасы 2013 және 2016 жылғы қыздарының шаштарындағы битті кетіру үшін «Неоцидол» қолданған. Аталған дәріні суға ерітіп, қыздарының шаштарына жаққан. Көп ұзамай дәрі балаларға әсер берген. Құсып, әлсіреп, ауыздарынан көбік аққан қыздарын анасы ауылдық амбулаторияға жеткізген. Аталған мәліметті облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. «Анасы екі қызын алып, ауылдық амбулаторияға барған. Бірақ 2016 жылғы баласы амбулаторияға өлі күйінде жеткізілді. Ал 2013 жылғы баланың жағдайы жақсарып келеді. Бастапқыда ол жансақтау бөлімінде болған. Қазір жалпы палатаға ауыстырылды. Қазір қыз бала Іле ауданындағы Алматы аймақтық балалар аурухасында ем қабылдауда», — деді аталған ведомстваның өкілі Ләйлім Әубәкірова. Жалпы, ғаламтордағы мәлімет бойынша, «Неоцидол» малдағы кене, биттерді өлтіруге арналғаны жазылған.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты