jasqazaq.kz

Бішкекте жойқын жарылыс болды (видео)

19 желтоқсан 2020, 16:12

Бішкекте қару-жарақ дүкенінде жарылыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ахунбаев пен Набережная көшелерінің қиылысындағы «Таргет» қару-жарақ дүкенінде болған өрт салдарынан бір адам қаза тапты. Бұл туралы елдің полиция баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, 57 жастағы марқұм «Таргет» дүкенінің сатушысы болған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр», — деді ІІБ өкілі.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, оқиға болған жерден қоңырау 10:11-де келіп түскен.

«Бішкек Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына беті мен аяқ-қолын күйік шалған үш адам жатқызылды. Жедел жәрдемнің бір бригадасы оқиға болған жерде қалды, өйткені ТЖМ қызметкерлері төртінші зардап шеккен адамды іздестірді. Бұл полиция хабарлаған қата тапқан қызметкер болуы керек», — деп хабарлады жедел жәрдем өкілдері.

Өрттің шыққанын желіге видео салған куәгерлер хабарлаған. Ол жерге үш өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Тілсіз жау сағат 11:27-де ауыздықталды.

https://youtu.be/9JRJXzTZS2w

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия