jasqazaq.kz

Бішкекте үш қазақстандық жігіт ұсталды

07 сәуiр 2019, 21:42

Ұсталғандар зардап шегушінің 68 мың сомын тартып алды деген күдікке ілінді.

Бішкек милициясы мен арнайы қызмет сарбаздары кісі тонауға қатысы болуы мүмкін Қазақстанның үш азаматын ұстады. Базардың бірінде белгісіз біреулер өзін тонап, 68 мың сомын (шамамен 370 мың теңге) алып қойды деп ер адам милицияға шағым түсірген. Зардап шегушінің айтуынша, тонаушылар оған күш қолданған. «Милицияға 40 жастағы А. И. деген азамат шағым түсірді. Белгісіз біреулер оның 68 мың сомын тартып алып, қашып кеткен. Бұл факті Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің 201-бабы, яғни «Тонау» бойынша тіркелді «, — деп жазылған хабарламада. Тәртіп сақшылары күдіктілер мінген көлікті анықтаған. Ол қазақстандық нөмірі бар ақ Toyota Camry көлігі болып шықты. Көлікті Аламудун ауданы Ленин ауылынан табады. Милициядан қашпақшы болған күдіктілер жол апатына түседі. Тәртіп сақшылары оқ атқан кезде ішіндегі адамдар көлікті тастап тұра қашқан. Бірақ олардың бәрі ұсталды. «Үш күдікті де Қазақстан азаматтары. Біреуі 21-де, екіншісі 28-де, үшіншісі 29 жаста», — дейді милициядағылар. Көлікті тінту кезінде Макаров тапаншасының 5 оғы табылған, ал күдіктілердің қалтасынан 920 доллар көлемінде ақша шыққан. Қазір олар уақытша қамау изоляторына тоғытылып, басқа да қылмысты істерге қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда