
Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап «Ақ үйге» басып кірумен аяқталды, — деп хабарлайды 24.kg және РИА Новости.
Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді. Куәгерлердің айтуынша, осыған бірнеше минут қалғанға дейін парламент ғимаратынан көліктердің колоннасы шыққан.
Ақ үйге кіргендер бір-біріне: «Сындырма» деп, парламент ғимаратын тонамауға шақырған.
Сондай-ақ митингіге шыққандармен бірге ғимаратқа республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев кірген.
Территорияда Мемлекеттік күзет қызметінің мамандары жоқ. Ресми расталмаған ақпаратқа сүйенсек, ел президенті Сооронбай Жээнбеков оңтүстікке ұшып кеткен. Мемлекет басшысы аппаратының бастығы Досалы Эсеналиев, баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиеваға хабарласу мүмкін емес.