jasqazaq.kz

Бішкекте Қазақстан елшілігінің алдында наразылық акциясы өтті

26 қазан 2017, 15:41

Бішектегі Қазақстан елшілігінің алдында 20-25 адам қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға байланысты акция өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Шын мәнінде, бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 10.30 кезінде Бішкектегі Қазақстан елшілігінің жанында 20-25 адамның қатысуымен пикет өтті. Акцияға қатысушылар елшілік қызметкерлеріне Қазақстан басшылығының атына қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы жазылған петиция тапсырды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Олардың атап өтуінше, қырғыз халқы екі елдің шекарасындағы жағдай туралы теріс ақпараттандырылған.

«Қазақстан мен Қырғызстанның үкімет басшылары 18 қазанда Астанада өткен кездесуде бірінші кезекте шекарадан жеке жүгі бар адамдарды, жолаушы автобустарын, жеңіл автокөлікерді, бос жүк көліктерін өткізу туралы келісімге келді. Бұл келісім орындалып жатыр», — деп еске салды Сыртқы істер министрлігі.

sputniknews.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде