jasqazaq.kz

Бішкекте 1,5 тонна жылқы етін асып әлемдік рекорд жасады (видео)

12 наурыз 2018, 11:43

  Бішкекте 1 464 келі болатын жылқы еті мен ұзындығы 117 метр қазы дайындалды.

ҚазАқпарат хабарлағандай, шараны ұйымдастырушылардың бірі Жамалбек Ырсалиевтің айтуынша, дайындалған ет Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Барлық санитарлық талаптар сақталып, шара барысы толығымен тіркелген. Бүгінгі үлкен қазандағы асты бақылауға Швеция мен Италиядан келген екі аспаз қатысты. 9 бас жылқы сойылып, сиымдылығы 150 литрлік 12 тайқазан құрылған. «Қырғыз тилектештиги» қоғамдық бірлестігі бұл шараны жыл сайын 5 наурызда атап өтілетін Қалпақ күніне арнаған. 8 наурызда Гиннестік рекордтар кітабынан жауап келген. Онда бірінші турдан осы шара сәтті өтілгені атап өтілген. Қазір екінші тур құжаттары әзірленген, фото және видео тіркеу жүргізілді. Қорытынды екі аптада әзір болады деп хабарланған. Дайын болған асты жиналған қонақтарға үлестірді. Ең алдымен жеті облыстан жиналған ақсақалдарға дәм татқызды. Еске сала кетсек, 2015 жылғы 6 шілдеде Астана күніне арнап үлкен тайқазанға ет асылды. 746 келі болатын әлемдегі ең үлкен ет тағамы мерекеге келген халыққа таратылып, артынша ұйымдастырушыларға Гиннестің рекордтар кітабының сертификаты табыс етілді.

https://www.facebook.com/ayu.grandcomfort/videos/1982962161970867/

 

https://www.facebook.com/ayu.grandcomfort/videos/1982961105304306/

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде