jasqazaq.kz

Бішкек соты Атамбаевқа қатысты үкім шығарды

14 тамыз 2020, 23:10

Бішкек соты Алмазбек Атамбаевқа қатысты үкім шығарды Бүгін Бішкек қалалық соты Қырғызстанның экс-президентіне қатысты үкімді күшінде қалдырды. Кесілген 11 жыл екі ай жазаға Алмазбек Атамбаевтың қорғаушылары да, прокуратура да келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын.

Қырғызстанды алты жыл басқарған Атамбаев қылмыс әлемінің серкесі Әзиз Батукаевті түрмеден заңсыз шығарды деп айыпталған. 16 жылға сотталған қылмыскер «ауыр дертке ұшырады» деп жалған анықтама жасап, жазадан босатып жіберген. Бостандыққа шыққан Батукаев басқа төлқұжатпен бірден шетел асып кеткен. 2013 жылғы жарлықты шығаруға Атамбаев ақша алды деп айыпталған. Былтыр аталмыш іс қайта көтеріліп, қылмыскердің түрмеден босауына ықпал еткен бірнеше билік өкілі жауапқа тартылды. Оның ішінде Атамбаев та бар. Алайда экс-президент кінәсін сол күйі мойындаған жоқ. Ол мұны өзіне жасалған «саяси қастандық» деген сөзінен танбай отыр.

ktk.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия