
Бішкек маңындағы тауда тас көшкіні болып, қазақстандық туристерді басып қалды. Ауыр тастың астында қалған бір отандасымыз сол жерде жан тапсырса, қалған үшеуі ауыр жараланған. Оқыс оқиға Бішкектен 40 шақырым жердегі Скрябин шатқалында болған. 7 адамнан тұратын топ, осы таудың төбесіне шығып биіктікті бағындырмақ болыпты. Оның үшеуі – Ресей азаматтары. Қалғаны қазақстандықтар. Қаза тапқан жерлесіміз Алматының тумасы екен. Оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар да жеткен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Бірақ туристерді құтқаруы тиіс тікұшақтың ұшуы кешеуілдеп жатыр.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ: -Қазақстандық ұшақ оларды құтқарып алу үшін ұшуға дайын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін ұша алмайды.