jasqazaq.kz

Бишімбаев Ленгер қаласындағы түрмеге жіберуді өзі сұраған

17 тамыз 2018, 11:28

Экс-министр Қуандық Бишімбаев жаза мерзімін өтеу үшін Түркістан облысындағы Ленгер қаласындағы түрмеге жіберуді өзі сұраған. Аталған түрмеде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар отырады.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасеновтың айтуынша, экс-министр өтініш жазып, Ленгер қаласындағы түрмеге жіберуді сұрады. Аталған мәселе Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, сотталған азамат әлеуметтік пайдалы қарым-қатынасты ұстаймын деп, нақты бір түрмеге жіберуді сұрай алады. Қ.Бишімбаев тура сондай өтініш жазып, Ленгер жақта туған-туыстарының тұратынын көрсеткен. «Осыған байланысты сотталған Бишімбаев 5 шілдеден бастап Түркістан облысы Ленгер қаласындағы ИЧ 167/9 мекемесінде өз жазасын өтеп жүр. Ол — қатаң режимдегі колония. Шамамен, 500 адамға арналған. Ондай түрмеге ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алғаш рет сотталғандарды жібереді», — деді Ғ.Хасенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында. Оның айтуынша, қазіргі кезде ол колонияда 400-ден астам адам отыр. «Қуандық Бишімбаевқа ешқандай жеңілдік жасалмайды. Бір орынды камера да болмайды. Ол барлық сотталғандармен бірге жатады», — деп атап көрсетті комитеттің баспасөз хатшысы. Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта 23 адам жауап берді. Олар Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысына арналған 1 млрд теңгені қолды қылған. Бишімбаев бір емес, бірнеше рет пара алды. Сол үшін 10 жылға сотталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді