jasqazaq.kz

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

20 тамыз 2019, 20:38

Біржан Нұрымбетов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.

«Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлықта. Біржан Нұрымбетов — 1968 жылы 19 наурызда Жамбыл облысы Луговой ауданы Абай атындағы ұжымшарда туған. Қазақ. Анасы — Тұяқбаева Тамара Әлімқызы, зейнеткер, ауылдық орта мектепте математика мұғалімі болған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің «Механика және қолданбалы математика» факультетін (1993) механик, математик-қолданбашы мамандығы бойынша; Алматы экономика және статистика академиясының «Қаржы» факультетін (2006) қаржы мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2008 жылдан). 1993 жылдан — Жамбыл қаласы Салық инспекциясы салық инспекторы, ҚҚС бөлімінің бастығы, салық төлву шілермен жұмыс және ұйымдастыру жұмысы бөлімінім бастығы. 1996 жылдан — Жамбыл облысы әкімінің біріііпи орынбасарының кеңесшісі. 1997 жылдың наурызынан — Жамбыл облысы әкімі аппаратының халықты әлеуметтік қорғау секторының меңгерушісі. 1997 жылдың тамызынан — Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Жамбыл облыстық филиалының директоры; 2008 жылдан — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің терағасы. 2009 жылдың наурызынан — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен (2005) марапатталған. Әскери атағы — запастағы аға сержант.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық