jasqazaq.kz

Біржан Нұрымбетов: 57 мың адамның несиесі өтеледі

26 қараша 2019, 15:57

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қаржы мәселесі шешілсе 57 мың адамның несиесі өтелетінін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Өздеріңіз білетіндей, Президенттің тапсырмасы бойынша несиелік жеңілдіктерге бес санаттағы адамдар ие болған еді. Бұл бір мезгілдік акция. Ресми нормативті құқықтық құжаттарға сүйенер болсақ, ол акция 5 қыркүйекте біткен. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, көптеген азамат бізге хабарласты. Қабылдауды тоқтатып жатқан жоқпыз», — деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында. Министр сонымен бірге бұл мәселеде туысқандық қатынасты дәлелдейтін құжаттардың ресми деректер қорында болмауы кедергі келтіріп тұрғанын айтып өтті. «Сондықтан, ол кісілерге бұл мәселені реттеуге көмектестік. Екі ай бойы осы жұмыс істедік. 1 қарашаға дейін соның бәрін жасап, қосымша 57 мыңға жуық азаматты осы несиелік жеңілдікке құқығы бар адам ретінде белгіледік. Шарадан тыс көмекке ұсыныс жасап, тиісті қаражатты бөлу әрекетін жасадық. 9,4 миллиард теңге. 1 қарашаға дейін құжаттарын реттеген 57 мың адамның жылдың аяғына дейін қаржылық мәселе шешілсе, несиесі өтелетін болады», — деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда