jasqazaq.kz

Біржан Хасанғалиев: «Еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстар жылап хабарласты»

05 қараша 2018, 10:26

Осыдан біраз уақыт бұрын желіде Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болғаны жайлы жалған ақпарат тараған еді. Көп ұзамай композитордың өзі «тірі» екенін көпшілікке мәлім етті. Халық әртісінің ұлы Біржан Хасанғалиев елді дүрліктірген сол оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлайды «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әншінің ұлы әкесі жайлы ақпараттан соң жақындарының жылап хабарласқанын мәлім етті.

«Мұндай хабарды ешкім жақсылықпен қабылдамайды. Оның үстіне бұл әкең жайлы айтылған болса… Олармен күніне бірнеше рет хабарласып, жағдайын біліп отырамын. Бірақ, осы ақпарат маған келгенде, жүрегім ұшып кетті. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі туыстар жылап хабарласты», — деп ағынан жарылды Біржан Хасанғалиев.
Сондай-ақ, композитордың ұлы жалған мәлімет таратқандарға не істейтіндерін де жасырмады.

«Қазір ата-анамның келгенін күтіп отырмын. Мүмкін сотқа берерміз. Мүмкін өздерінің ұятына тапсырармыз. Кейде біреуді «өлді» десе, ол адамның өмірі ұзарады дейді ғой. Солай қабылдайық. Бір апта ішінде қандай шешім қабылдағанымызды жариялайтын боламыз», — деді Хасанғалиевтің ұлы.
Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Ескендір Хасанғалиев Астана қаласында ота жасатқан болатын.

Арада бір апта өткенде халық артисті өзінің жағдайын қалыпқа келтіру үшін Оқжетпесте ем қабылдап жатқанын жазды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді