
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартылды.
«ҚІЖК-нің 55, 56, 146, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылсын. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін (қоса есептегенде) сегіз айға ұзартылсын. Үйқамақ шарттарын өзгерту бөлігіндегі, медициналық ұйымдарға баруды қоспағанда, тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын» — деді тергеу сотының судьясы Айбек Абу.
Tengrinews.kz