
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді.
«Бұрынғы денсаулық сақтау министрі ретінде пандемия әлемдік апат секілді көп адамның өмірін қиғанын және бұл вирустан қазір де адамдар көз жұмып жатқанын айтқым келеді. Өткен жылдың жазында медициналық көмек көрсетуде ауқымды проблемалар болды. Мен бұрынғы денсаулық сақтау министрі ретінде салаға жетекшілік еткендіктен медициналық көмек көрсету сапасына жауапты екенімді толықтай түсінемін. Жауапкершіліктен жалтарып отырған жоқпын», — деді Біртанов.
Ол пандемия кезінде мемлекеттік органдардың іс-әрекетін жан-жақты тергеу әділ жүреді деп үміттенетінін жеткізді.
«Қазір біз қылмыстық бағытта және айыптау белгілерімен қудалау жүріп жатқанын көріп отырмыз. Алайда адамды айыптамас бұрын алдымен эпидемиологиялық тергеуді, толыққанды тергеуді күтіп бағайық. Пандемия кезінде елде не болып жатқанын мен жақсы түсінемін. Кез келген тергеуге дайынмын. Бірақ коронавирус пандемиясы кезінде бөлінген қаражаттың жымқырылуына еш қатысым жоқ», — деді Біртанов.
sputnik