jasqazaq.kz

Біртанов көз жұмған жүкті әйелдің денсаулығы жайлы айтты

10 қазан 2017, 17:55

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов санавиация ұшып бармақшы болған әйелге жүктілігің кері әсер еткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Өкінішке қарай, әйел қайтыс болды. Біз тексеріс жүргіздік. Расында да, өте ауыр жағдай. Сондықтан жоғары деңгейдегі мамандардың көмегі қажет болды. Мұндай патологиялар жиі болмайды. Жергілікті дәрігерлерде мұндай ауыр жағдайда тиісті тәжірибелері болмай жатады. Әйел қайғылы жағдайға тап болудан бұрын дәрігерлер оған онлайн-консультациялар жүргізген. Әйел тәулік бойы бақылауда болды», — деді ол.

Министрдің айтуынша жүктілік әйелдің денсаулығына кері әсерін тигізген.

«Оған үш себеп бар: отбасылар тиісті ақпаратпен қамтамасыз етілмеген. Кейбір жағдайдайларда жүктілік денсаулыққа кері әсерін тигізеді және ол қауіпті. Жоғарыда аталған жағдай осыған ұқсас. Әйелдің 4 баласы болған әрі оның созылмалы ауырлары бар. Оның ішінде гепатит те бар. Сондықтан жүктілік өте қауіпті болған. Біз бұл ақпаратты әрдайым айтамыз. Бірақ олар біздің сөзімізді елеусіз қалдырады», — деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар ведомство басшысы емделушінің өліміне қатысты толық зерттеу жүргізілетінін атап өтті.

«Аналар өліміне қатысты міндетті түрде толық тексеріс жүргізіледі. Өкінішке қарай, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысына сәйкес, ана өліміне қатысты жағымсыз деректер бар», — деді ол.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов санавиация көмегімен жүкті әйелдерге жиі көмек көрсетілетінін де атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алматы облысында науқас әйелге медициналық көмек көрсетуге шыққан санавиация ұшағы құлап5 адам қаза тапты. Ал кеше осы көмекке мұқтаж болған әйел де көз жұмды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде