jasqazaq.kz

Біртанов еліміздегі менингит жағдайын түсіндірді

28 қыркүйек 2018, 14:00

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі менингит жағдайын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Ауру тарап жатқан жоқ», — деді министр баспасөз мәслихаты кезінде менигиттен болған өлімдер жайлы сұраққа жауап бере отырып.

«Бұл вирустар Қазақстандағы басқа тұмау, туберкулез сияқты аурулар сияқты. Олардың белгілі бір қаупі болады. Өңірлерде барлық науқасқа мәлімет беріліп жатыр», — деді Біртанов. Министр менингиттің 2015 жылы таралғанын еске салды. «Сірлі менингит бар. Ол түрлі вирустардан пайда болады, күнделікті ондай шамамен 10 дерек тіркеліп жатыр. Олардың барлығы көктем-күз айларында иммунитеттің әлсіреуіне байланысты болып жатыр», — деді ведомство басшысы. Еске сала кетейік, 27 қыркүйекке қараған түні СҚО-да студент қыздың менингит жұқтырды деген күдікпен қайтыс болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, осыған дейін Алматы облысында менингитпен ауруханаға түскен оқушылар жайлы айтылған еді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде