jasqazaq.kz

Біртанов: 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды

15 қантар 2019, 12:35

Қазақстандық мамандар шұжық өнімдерін зерттеуден өткізді. Кейбіреуінің құрамы тауардың қаптамасында жазылған заттарға сәйкес емес. 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлады.

Біртанов Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі мониторингі ай сайын жүргізілетінін айтты. 2018 жылы 70 мыңнан аса тауар өнімі зерттеуден өткен. Сараптама нәтижесінде 9740 өнім тапсырысқа сәйкес келмейді екен. «Негізінен тапсырысты дұрыс орындамау деректері макілеу ережесін бұзу бойынша — 69 пайыз, қауіпсіздік көрсеткішіне сәйкес келмейтіндер — 23,5 пайыз, сондай-ақ қаптамада көрсетілген сұраныс пен физика-химиялық көрсеткіштер — 7,2 пайыз. Мысалы, сүт өнімдерінің 99 сынамасынан майлылық көрсеткіші өтірік көрсетілген және 143 шұжық сынамасынан шошқа ДНҚ-сы анықталды», — деді министр. Оның айтуынша, мониторинг нәтижесінде сұранысқа сәйкес келмеу көрсеткіші — 66 пайыз — импорттық тауар, ал 34 пайыз — отандық өндірушілердің тауары. Ол 2018 жылы 22 тонна қауіпті өнімінің көзі жойылғанын айтты. 70 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық