jasqazaq.kz

Бірнеше өңірдің мектептерінде сабақ болмайды

26 желтоқсан 2018, 10:11

Қатты аязға байланысты бірқатар өңірде және Астанада 26 желтоқсан күні мектептерде сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар қаласы Білім бөлімінің мәліметінше, 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақтар өткізілмейді. Қалада ауа температурасы минус 35 градус, желдің жылдамдығы секундына 3 метр. Қарағанды қаласы Білім бөлімінің ақпараты бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты 0-4 сынып аралығында сабақ болмайды. Қалада -24 -26 градус суық. Желдің жылдамдығы 4-5 м/с. 26 желтоқсанда түнде қатты аязға байланысты Көкшетау қаласында 0-11 сыныптарда сабақ болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің сайтында облыстық Білім басқармасына сілтеме жасай отырып, өңірде бірқатар қала мен аудандарда бүгін сабақ болмайтындығы жария етілді. 26 желтоқсанда Өскемен (температура минус 34), Семей (-34), Риддер (-36), Курчатов қалаларында (-39) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарына сабақ болмайды, Шемонайха (-36) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, колледждердің 1-2 курстарында, Зырян (-37) 1-2 ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Бесқарағай (-33), 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Көкпекті (-32) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында, Ұлан ауданы (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарда, Абай ауданы (-33) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарда, Жарма ауданы (-37) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарда, Аягөз ауданы (-32) 1-ауысымдағы 1-11 сыныптарда, Катонқарағай ауданы (-33) 1-ауысымдағы 1-11 сынып аралығында сабақ болмайды. Қостанай қаласында бүгін ауа температурасы -25 градус, шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 1-3 метр. Бірінші ауысымдағы 0-5 сынып оқушылары мектепке бармайды. Бұл туралы alau.kz қалалық білім бөліміне сілтеме жасап хабарлады. Еске сала кетсек, Астананың Білім басқармасы бүгін бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайтындығын жария етті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде