jasqazaq.kz

Бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

26 желтоқсан 2019, 17:02

2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, мұзтайғақ болады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz «Қазгидромет» РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлеріңде жаңбыр, қар жауады. Қазақстан Республикасының қалған аумағында атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді. Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел секундына 15-20 метр күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдың екпіні секундына 18 метр күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел секундына 18 метр күшейеді. Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жаланашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр күшейеді. Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Атырау облысында көктайғақ күтіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде