jasqazaq.kz

Бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды

07 желтоқсан 2022, 9:23

Ауа райының бұзылуына байланысты тағы бір өңірде балалар қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«7 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшіріледі», — делінген Қарағанды қаласы білім бөлімінің мәліметінде.

Бүгін сондай-ақ Астана қаласында бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстыралған болатын. Айта кетейік, елордада қатты аязға байланысты оқушылар дүйсенбіден онлайн оқып жатыр.

Абай облысының кейбір аудандарында да бірінші ауысымдағы сабақтар онлайн форматта өтеді. Атап айтқанда, Семей қаласында 1-9 сынытар, Курчатов қаласында 1-11-сыныптар, сонымен қатар Көкпекті, Жарма, Бородулиха, Абай аудандарында кейбір мектептерде сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтан оқуға көшірілді. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде