jasqazaq.kz

Бірнеше көлік соғысты. Жарақат алғандар бар (Видео)

04 қазан 2021, 12:47

3 қазан Түркістан қаласында бірнеше автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты.

Полицейлердің анықтауы бойынша Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданы мен Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолында “КамАЗ” маркалы жүк көлігі мен “Toyota Сamry”, “RAVON”, “Daewoo Nexia” маркалы көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан “Daewoo Nexia” автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен емханаға жатқызылған.

Аталған жайт бойынша “КамАЗ” маркалы жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Көліктерге материалдық шығын келгенімен, қаза болғандар жоқ. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталады. Бүгінде тәртіп сақшыларымен жан-жақты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Осы ретте Түркістан облысының полицейлері барша көлік жүргізушілеріне ескертеді, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды!

Сондай-ақ құрметті жүргізуші: жолда жүргенде жылдамдықты асырмай, бағдаршамның түсіне баса мән беріп, жол ережесіне мұқият болыңыз!

Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия