jasqazaq.kz

Бірнеше елде Рамазан уақыты шегерілді

12 сәуiр 2021, 10:13

11 сәуір, жексенбіде Сауд Арабиясының Жоғарғы соты бұл күні жаңа айдың туғанын ешкім көре алмаған соң Парсы шығанағы елдеріндегі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы дүйсенбіде басталмайтынын белгіледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA жаңалықтар агенттігі таратқан сот хабарламасында айтылған. Бұл туралы РИА Новости порталына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

«Жаңа жарты айдың пайда болуын байқау мүмкін емес болғандықтан сот Рамазан айының басталуы туралы шешім қабылдау үшін ертең кешке жиналады», — делінген хабарламада.

Сауд Арабиясының бұл мәселедегі пікірін көптеген басқа араб елі ұстанады, дегенмен олардың әрқайсысы өз астрономдары мен теологтарының есебіне сүйенеді

Дегенмен, дүйсенбіде ораза айы Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман, БАӘ-де басталмайды.

Бұл елдерде дүйсенбіде ай туғаны көрінбесе, Рамазан көптеген араб елінде сейсенбіде 30 күннен тұратын Шаабан айы аяқталғаннан кейін пайда болуы мүмкін, дегенмен кейбір елде, соның ішінде Сауд Арабиясында шаңды ауа райына байланысты Шаабан айының басталу күніне күмән бар. Сондықтан Рамазан сәрсенбіге де белгіленуі мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия