jasqazaq.kz

Бірнеше ай бойы пәтер тонап келген ұры ұсталды

30 сәуiр 2019, 17:03

Ақтөбеде полицейлер пәтер тонады деген күдікпен 38 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқындады. Тәртіп сақшыларының айтуына қарағанда күдікті бірнеше ай бойы көп қабатты үйлерден бағалы заттарды қолды етіп келген.

Үй иелері жұмыста болғандығын пайдаланып, қылмысын шаңқай түсте жүзеге асырған. «Бірінші қабаттағы пластикалық терезені ашып кірген» дейді тәртіп сақшылары. Қазір криминалды полиция басқармасының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Бұлтартпас айғақ ретінде ұрланған бірқатар зат та табылды.

Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:

— Қазіргі кезде ол Ақтөбе қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сот алды тергеу барысында күдіктінің 7 пәтер ұрлығына қатысы бар деген дерегі анықталды. Және де заттар деректердің бір бөлігі тәркіленді.

Дереккөзі: Хабар 24

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда