
Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17 қаңтарда Ақтөбе облысы мен қаласындатұман, көктайғақ, бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында 17 қаңтардабұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Сонымен қатар, 17 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде Орал қаласында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.