jasqazaq.kz

Бірқатар мұсылман елдері Оразаны бастамай, кейінге шегерді

14 сәуiр 2021, 10:40

Рамазан айы 13 сәуірден басталып 12-мамырға дейін тура 30 күн бойы жалғасады. Алайда кейбір елдер кеше Ораза ұстамады, оны бір күнге кейін шегерді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Кейбір мұсылман елдері қасиетті айдың басталуын ауа-райының қолайсыздығынан келесі күндерге қалдырып жатыр. Мәселен, Сауд Арабиясында қатты шаң көтеріліп, жаңа айдың туғанын көре алмаған. Соған байланысты Мысыр, Ирак, Тунис, Ливан, Кувейт, Йемен, Оман және Біріккен Араб Әмірліктерінде де Ораза айы 13 сәуірде басталмады», — деп хабарлады КТК телеарнасы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәлімдеуінше, ораза ұстайтын адамға вакцина қабылдауға болады. Аузы берік адам коронавирусқа шалдықса, әрі қарай оразасын жалғастыруы немесе тоқтата тұруы дәрігердің кеңесіне байланысты. Діни парызын өтеп жүргендердің ПТР-тест тапсыруына да шектеу дініміз рұқсат береді дейді мүфтилер.

Ал шетелдік медицина ғалымдары Ораза мен вакцинаны қабаттастырмауға кеңес береді.

«Вакцинаны Ораза аяқталған соң алғаны абзал немесе вакцина алып, пандемияға байланысты биыл Ораза ұстаудан бас тартса да болады. Ал екеуін қабаттастырса, әрине адам ағзасына ол ауыр болады», — дейді мамандар.

«Қызыл» аймақтағы мешіттерде ауызашар берілмейді және тарауық намазы оқылмайтынын баса айта кетелік.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия