jasqazaq.kz

«Бірінші «Ю» сыныбы ашылды»: Ерекше жағдай Алматыдағы аралас мектепте тіркелді

02 қыркүйек 2021, 16:38

Алматыда бірінші сыныпқа барған оқушылар санының артқанын байқамау мүмкін емес. Бүгін қаладағы №157 аралас мектепте 1 «ю» сыныбының ашылғаны белгілі болды.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне мектеп директоры Света Ахметова мәлімдеді.

«Қазіргі таңда біздің мектептегі бірінші сыныптар саны 28-ге жетті. Оның ішінде жиырмасы — қазақ сыныбы, сегізі – орыс сыныбы. Әр класта орта есеппен 24-25 оқушы білім алады. Кеше салтанатты түрде алғашқы қоңыру рәсімін өткіздік. Бірінші сыныптағы оқушылардың барлығы оффлайн түрде бідлім алады. Тек он шақты бала ғана үйден оқуға ниет білдірді», — дейді Света Ағабекқызы.

Мектеп директорының айтуынша, «ю» сыныбының ашылуына өзіндік себептер бар.

«Біз аралас мектеп болғандықтан, «І», «Ү», «Ұ», «Ң» сыныптары ашылған жоқ. Бұл әріптер «Күнделік» жүйесінде тіркелмеген. Сондықтан, «Ю» әрпіне дейін жетіп отырмыз. Бір айта кетерлігі, әр кластағы бала саны көп емес. 24-25 оқушыдан аспайды. Сыймай, сыртта отырған бала жоқ. Бірінші сыныптағылардың бәрі де бірінші ауысымда оқиды. Ішкі ережелердің бәрін қатаң сақтаудамыз. Ата-аналар балаларын алып кетуге келгенде міндетті түрде «Ашық» жүйесін пайдаланады», — дейді директор.

Бүгінде Алматы қаласындағы Наурызбай ауданында орналасқан №157 аралас мектепте 4 862 оқушы білім алады. Мектепте сабақ беретін 365 мұғалім толығымен вакциналанған. Он мұғалім медициналық көрсеткіштерге байланысты вакцина алудан бас тартты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде