jasqazaq.kz

«Бірінші күйеуімен қайта қосылыпты» деген абыройлы сияқты

30 шiлде 2018, 17:04

Екі рет тұрмысқа шығып, екі некесі де сәтсіз аяқталған қазақ қызы өзінің жан сырымен бөлісті. Елдің сөзінен шаршаған келіншек бірінші күйеуіне қайтадан қосылғысы келетінін деп жасырмады.
NUR.KZ. хабарлағандай, «Мен екі рет тұрмысқа шыққанмын. Бірінші күйеуіммен алты ай тұрдым. ішетін еді. Кейін ажырастық. Екінші күйеуім құмар ойындарына салынып кетті. Үйде техника, алтын, ештеңе қалмады. Мені алдап, екі мәрте несие алдырды. Оны төледім. Қысқасы, ақырында онымен де ажырасып кеттім. Енді бірінші күйеуім «қайта қосылайық» деп жүр. Ойланып қалдым. «Үшінші мәрте тұрмысқа шығыпты» деген «атақтан» гөрі «бірінші күйеуімен қайта қосылыпты» деген абыройлы сияқты», — деген келіншек көпшіліктен ақыл сұраған.
Бұл сауалға елімізге танымал тележүргізуші, шетелдік азаматпен шаңырақ көтерген Жанар Байсемізова өзінің Instagram парақшасы арқылы жауап қайтарды.
«Тұрмыс құрғаннан кейін бақыттан басың айналып, эйфорияда жүремін деп ойлау қате. Қайта сынақтар еселене түседі. Өз «кармаңа» еріңнің «кармасы» қосылғанда кейде жаныңды қоярға жер таппай кетесің. Күйеуге қазіргі заманда ешкім мәжбүрлеп қоспайды. Өзің таңдайсың. Өз ықтиярыңмен қосыласың. Қыз бен жігіт болып жүру басқа, бірге өмір сүру мүлдем басқа. Бір жерлерінде өзіңді сындыруға тура келеді. Белгілі бір принциптеріңді өзгертуге тура келеді. Күйеуіңе бағынуға, сөзін тыңдауға тура келеді. Бәрі сен ойлағандай бола бермейді. Бір кезде роза сыйласа, бір кезде тікенектерін де батырып алады.
Бірақ бәрібір тұрмыс құрған әйелдің статусы жоғары. Қанша қиындық көрсең де, отбасылық өмір ең керемет. Шыңдаласың. Өсесің. Өнесің. Сен бәрібір сүйіктісің. Сіз біраз аялдаңыз. 126 күйеуге тисеңіз де, елдің ештеңесі кетпейді. Өзіңіз сорлайсыз», — деді Жанар Байсемізова.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді