jasqazaq.kz

Бірғаным Әйтімова: Іске асыру үшін нақты механизм керек

10 желтоқсан 2018, 17:02

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова білім басқармаларын жабуға қатысты пікір білдірді,– деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, аталған мәселені жан-жақты зерделеп шығу қажет. Одан кейін тиісті заңнама болуы шарт. «Негізі, бұл бастаманы іске асыруға болады. Бірақ оны жүзеге асырудың нақты механизмі болуы керек. Бұл мәселені жан-жақты зерделеп шыққан дұрыс. Сосын барлық құрылымдарды дайындап қойған жөн. Әсіресе, мектептер дайын болуы қажет. Негізі, нақты меxанизм керек. Сонда ғана іске асыруға болады», — деді Б.Әйтімова. Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева мектептерді тікелей қаржыландыруды ұсынып отыр. «Қазір мектептерді жан басына қарай қаржыландыру жүйесі енгізіліп жатыр. Меніңше, ол ақша тікелей Астанадан бөлінетін болса, облыстық, қалалық және аудандық білім басқармалары мүлдем қажетсіз болып қалады. Бұл — өте маңызды мәселе. Себебі мектепке бюджет қаржысы бөлінгенде, ол ақша біраз уақыт жаңағы басқармаларда жатып қалады. Олар оны бүгін бере ме? Ертең бере ме? Ашығын айту керек, бюджет қаржысын үнемдейміз деп, толығымен бермеуі де мүмкін. Артынан кітаптарға, я болмаса, күрделі жөндеуге ата-аналардан жинай саласыңдар деп, жылы жаба салады. Ол жерде заңбұзушылықтар көп. Меніңше, ондай басқармалардың бәрін жауып тастау қажет», — деген болатын Д.Назарбаева журналистерге.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді