jasqazaq.kz

Біреудің «Джипін» айдап кеткен 9 жасар бала тағы да көлік ұрлады

10 тамыз 2018, 15:27

Жақында ғана біреудің көлігін айдап қашамын деп жол апатын жасай жаздаған 9 жасар бала әлі де тәртіпке келмеген көрінеді.

9 тамызда ол тағы біреудің көлігін ұрлап кетіп, соғып тастаған.  Оралда екі күн бұрын біреудің джипін айдап кеткен бала тағы да көлік ұрлады.  Бұл туралы “Мой город” порталы хабарлады, – деп жазады Stan.kz.  Екі күн өзгенің джип көлігін рұқсатсыз айдап кеткен оралдық 9 жасар бала бұл жолы Тойота маркалы автокөлікті ұрлады.

Кәмелетке толмаған бала 9 тамыз күні кешкі сағат 22:00 шамасында Орал қаласындағы Омега көпірі орналасқан ауданда «Теремок» дүкеніне жақын жерде тұрған «Тойота» көлігін айдап қашып кеткен.
«Мен досыма келіп, аулаға кірдім. Біз біраз отырдық. Досыммен әңгімелесіп болғаннан кейін сыртқа шықсам, көлігім жоқ. Сол кезде көлік ашық қалуы мүмкін, бірақ кілт өзімде болды. Ол қандай да бір жолмен көлікті оталдырған болып тұр. Ал, сынық ескі кілт көлікте болған», – дейді Toyota көгінінің иесі Юрий Васильев.

Айта кету керек, бала көлікті ұрлап кеткеннен кейін, көпірдің астындағы бағанаға соғылған. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 9 жасар бала 6 тамыз күні де өзгенің көлігін айдап қашам деп жол апатын жасаған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде