jasqazaq.kz

Бір жылда үш сайлау

03 наурыз 2020, 10:38

Израильде кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Бұл соңғы бір жылда елде өтіп жатқан үшінші сайлау. Оған 29 партия мен бірлестік қатысып отыр. Соңғы екі сайлаудан кейін үкімет құруға арналған әрекет нәтиже берген жоқ. Билік үшін басты бақталас ретінде премьер-министр басқаратын Ликуд партиясы және генерал Ганц жетекшілік ететін Ақ-көгілдірлер партиясы аталып отыр. Израильдің шамамен 6 жарым миллион халқы сайлау құқығына ие. Алайда Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге адам аз келеді ме деп күдіктеніп отыр. Өйткені жұрт таусылмайтын сайлау науқанынан жалығып кетті. Соңғы 11 айда сайлау ұйымдастыруға 800 миллион доллар жұмсалған.

Авихай Ротем, сайлаушы:

— Балаларымның болашағы үшін келдім. Осыны аяқтайтын кез келді. Ауыстыруға болмайтын басшылар жоқ. Біреуді сайлауымыз керек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия