jasqazaq.kz

Бір жарым жасар қызын ұрып өлтірді

26 қазан 2019, 22:14

Алматыда бес жұлдызды қонақүйде ер адам өзінің бір жарым жасар қызын ұрып өлтірді.

Жантүршігерлік оқиға жұма, 25 қазанда оңтүстік астанадағы қымбат қонақүйлердің бірінде болды. Таңғы сағат жеті шамасында қыздың анасы бөлмесінен атып шығып, айқайлап көмек сұраған.

Балаға алғашқы көмекті қонақүйдің қызметкерлері көрсетеді, кейін оқиға орнына жеткен дәрігерлер қыздың тамыр соғысы мен қан қысымын қалпына келтіреді. Бірақ ақ халаттылар бір жарым жасар бүлдіршіннің өміріне араша бола алмады, ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, әкесі қызды басынан ұрып-соққан. Ақпаратты қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады, бірақ дәрігерлер ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған.

«Қылмыстық кодекстің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама жасалады», — деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Туған қызын өлтірген ер адам сегіз жылдан он бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық